Біз әлеуметтік желілерде:
contact phonecontact phone contact phonecontact phone

​​Мамандандырылған ХҚКО-ға кезек броньдау ережесі өзгерді

Енді кезекті броньдау кезінде сатушының ЖСН-ын, көлік иесінің ЖСН-ын (сенімхат арқылы сатылса) және сатып алушының ЖСН-ын  енгізу керек. Бұл үш ЖСН бір қызметті алу үшін  жүйеге тіркеледі. Бұл не үшін қажет? Кейінгі кездері  "көмекшілер" кезекті броньдап, оны өзгелерге сатуда.  Нақтырақ айтсақ, сенімхатты өз атына ресімдейді, броньдаған кезегі келгенде клиенттің  қасына еріп жүреді. Шын мәнінде, олар заң бұзған жоқ, тек броньдаған кезекті сатып, жеңіл жолмен табыс табуда. Енді азаматтардың кезекті «көмекшілерден» сатып алмай, тегін броньдауы үшін автокөлікті сатып алушының ЖСН-ы мен көліктің мемлекеттік нөмірін де енгізу қажет болады. Бірақ, «көмекшілерден» қулық артылған ба, жаңа айла ойлап таппасына кім кепіл.

Кіру немесеТіркелу