«Әже тағлымы» атты кітабының тұсаукесері
03 наурыз күні Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Әже тағлымы-болашақтың бағдары» атты іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шарада қалалық Ардагерлер кеңесінің жанындағы Әжелер алқасының бастамасымен жазылған Атабек Салтанат Атабекқызының «Әже тағлымы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталған кітап қазіргі уақытқа дейін, қоғамның кез-келген саласында жауапкершілік жүгін ер азаматтармен бірдей көтеріп жүрген әйел-аналарға арналды. Іс-шараға 525 адам қатысты.